Меню KDT
"Қарттарым- асыл қазынам!"


Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, бүгін Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында 1- қазан қарттар күні мерекесі тойланып жатыр. Осы мерекелік іс-шараны мектебіміздің директоры Шаймердинов Г. М. ашып мектебімізде көп жылдар бойы еңбек еткен ардагер мұғалімдерді құттықтады. Қарттар күніне арналған мектебіміздің профсоюз комитеті ардагерлерімізге дастархан жайып сый- сыяпатын көрсетті.  Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!  Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.





       


Комментариев нет
138 просмотров
Автор: 2mektep
Добавлено: 01.10.2019 в 18:25

Возможно вас заинтересует...!