Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» КММ –де 2019 жылдың 11 қазанында «Табыс» кәсіби қоғамдастығының жоспарына сай кластер аясындаға мектептермен «Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруда мұғалімнің, оқушының, ата – ананың қызметі» тақырыбында оқу семинары өтті.
Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» КММ –де 2019 жылдың 11 қазанында «Табыс» кәсіби қоғамдастығының жоспарына сай кластер аясындаға мектептермен «Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруда мұғалімнің, оқушының, ата – ананың қызметі» тақырыбында оқу семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Кластер аясында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру үшін ата – ана, мұғалім, оқушы үштік одағының ынтымақтастығын қалыптастыру.
Семинарға қоғамдастықтағы № 8ОМ,№ 42ОМ, №61ОМ,№ 64МЛ және біздің мектептің ұстаздары , ата – аналары, әкімшілігі қатысты.
Мектебіміздің директоры Д.М.Джумартова семинарға қатысушылар мен қоғамдастық мүшелеріне бағдарламаны таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Семинар жаңадан ашылған инновациялық кабинеттер мен алаңдарға экскурсиямен басталып рефлексиямен аяқталды. Оқу семинары барысында бес мектептің ұстаздары ашық сабақтар беріп, тәжірибе алмасты. Ашық сабақтарға мұғалімдер, келген қонақтар және ата – аналар қатысып, сабақтың соңында кері байланыс берілді.
«Өрлеу» БАҰО АҚ Нұр – Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Баянғали Ғалымжанов бес мектептің ата – аналарымен дөгелек үстел өткізді. Ата – аналар критериалды бағалаудың бір тармағы қалыптастырушы бағалау туралы түсініп, өз ұстаздар мен семинарды ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Оқу семинарына Алаштың қайраткері, әдебиетші, жазушы, драматург, ғалым Қошке Кемеңгерұлының ұрпақтары: Қошкенің ағасының баласы техника ғылымдарының докторы Дүйсебаев Орманбет Құлмағанбетұлы, немересі Қаршыға Нарманбетқызы , шөбересі Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қайырбек Ризабекұлы және Нұр – Сұлтан қаласы Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Қожахмет Жәмила Нұрматқызы келіп өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены