Меню KDT
«Экология және біз» республикалық экологиялық акция

«Экология және біз»


      Республикалық экологиялық акция аясында №72 мектеп-лицейінде экологиялық тақырыпқа арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Барлық сыныптарда «Мен және табиғат», «Мы в ответе за будущее!», «Қазір баста», «Экология және біз» «Табиғат біздің үйіміз» тақырыптары бойынша суға ұқыптылықпен қарау, ауаны сақтау, жерді ластанудан сақтау туралы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес эко сағаттар өткізілді. Оған  Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесикбаевич және Активтер мен Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Өтебаев Ерсин Кенжебайұлы қатысып,  оқушыларға жергілікті және жаһандық экологиялық мәселелерге көңіл аударып отырғандарына ризашылығын білдіріп, «6 қазан - Дүниежүзілік Мекендеу жерлерін қорғау» «16 қыркүйек – Халықаралық озон қабаты» күндері туралы айтып, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау мәселелерімен ой бөлісті. Сонымен қатар, 2-10 сынып оқушыларының қатысумен  экологиялық тақырыпта ғылыми экожобалар көрмесі өткізілді, бітіруші мектеп түлектері және ата-аналар «Отбасы ағашын отырғызу» акциясына қатысты.


Комментариев нет
144 просмотров
Автор: 72mektep
Добавлено: 03.10.2019 в 12:40

Возможно вас заинтересует...!