Меню KDT
«Қыз болашағы – ел болашағы» онкүндігі

«Қыз болашағы – ел болашағы» онкүндігі






2019 жылғы 4-14 қазан аралығында  №27 мектеп-лицейінде Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық  «Қыз болашағы – ел болашағы» онкүндігі өтті. Онкүндік жоспары жасалып, бекітілді.

Онкүндік  аясында төмендегі іс-шаралар өткізілді:

11 - сыныптар арасында «Әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы ролі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында әйелдердің  құқығы, қоғамдағы ролі, феминизм мәселелері талқыланды.
10- сынып қыздары арасында «Өз арамыздағы ашық әңгіме» тақырыбында пікірлесу сағаты өтті. Іс-шара кезінде қыздар әдемілік сырлары, мінез-құлық туралы әңгімелесті.
9 – сынып қыздары арасында «Біз бойжеткен қыздармыз»  тақырыбында медбикенің  қатысумен дәріс өткізілді. Дәрісте қыз баланың денсаулығы, оны күту жолдары  туралы айтылды.қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
8-11 қазақ сыныптары арасында «Қыздарға әсемдік жарасады...» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып сағатында ананы, қызды сыйлау, қазақ халқының тәрбиеге қатысты ұстанымдары, қазақтың үлгі тұтар аналары туралы сөз қозғалды.
«Менің отбасым – менің тірегім» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында суреттер сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша 1 –орынды 6л сынып оқушысы Аубакиров Амани, 2-орынды 5м сынып оқушысы Мирюнусов Султан, 3-орынды 5л сынып оқушысы Буряцкий Лев алды.

 Оқушылар іс-шараға белсенді түрде қатысты. Қыздар тәрбиесі өте маңызды, себебі қыздар тәрбиесі негізінде ұлт тәрбиесі жатыр.


Комментариев нет
571 просмотров
Автор: 27mektep
Добавлено: 18.10.2019 в 16:37

Возможно вас заинтересует...!