Меню KDT
Шаш өруден шеберлік сабағы

Шаш өруден шеберлік сабағы






«Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріппе ең мұндай түрін?» - деп Абай атамыз жырлағандай, қыздарға иығынан түскен әдемі бұрымы жарасары анық.  Шаш өрудің қазіргі уақытта түрлі әдістері көп. Бірақ оны  барлығы бірдей меңгерілмеген.

 12 қазан күні шаш өру өнерімен бөлісуге келген 5 «а» сынып оқушысы Ақсауиятова Сабинаның анасы Сымбат қыздар арасында шеберлік сыныбын өткізіп, қыздарымыздың қолаң шаштарын әдемі бұрыммен айшықтай білді.

Мектебімізде бұрымдыларымыздың әдемі болып жүргені -  әрі тәрбие, әрі тазалық.


Комментариев нет
486 просмотров
Автор: 27mektep
Добавлено: 18.10.2019 в 16:32

Возможно вас заинтересует...!