«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Халықаралық қыздар мерекесіне орай«Еркін елдің ер қызы»атты танымдық кездесу кеші
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Халықаралық қыздар мерекесіне орай«Еркін елдің ер қызы»атты танымдық кездесу кеші
2019 жылдың 11 қазаны күні Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп – лицейіндеқарашаңырақтың құрылғанына 20 жыл толуы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың бас ақыны, кемеңгер ойшылы, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Еркін елдің ер қызы»атты тақырыпта танымдық-тағылымдық мәні зор кездесу кеші өтті. Кештің қадірлі қонағы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қалалық, республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы, Абайтану ғылыми-танымдық орталығының директоры,Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы болды.
Кеш қонақтары ақынның балалық шағына саяхаттап, ақындық өнерге келу жолымен таныс болды.Асылы ақындық деген адамды таңдап жүріп қонатын бақ құсы секілді. В.В.Радлов өзінің бір сөзінде: «Аспанда қалықтай ұшқан поэзия, қазақтың кең даласын жанап өткен. Өйткені, қазақ баласының қайсы бірін алсаңыз да жан дүниесі толқып, бойларынан жыр төгіліп тұратын дарынды халық»,- деген екен.Ақынның «Жансая» (Семей, 1999 ж.), «Тылсым сыры» (2002 ж.), «Жыр-ғұмыр» (Семей: Тенгри, 2006 ж.) атты өлең жинақтары, сонымен қатар «Шәкәрім», «Қан мен тек», «Құрсақсыз ана» поэмалары ел арасында кеңінен танымал. Тыныштықбек Әбдікәкімов: «Алмахан Мұхаметқалиқызы – өмірдің небір құбылыстарынан мықты әдеби композиция құруға, философиялық тосын ой түюге шебер қаламгер» деп баға берген екен. Поэзиялық кеште ақынның өлеңін сүйіп оқитын оқушыларжырдан шашу шашты.
Мектеп-лицей директоры К.К.Әзимбай ақын,Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызымен кездесудің маңыздылығын жеткізсе, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің басшысы Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлы бұл кездесу кешінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәні зоріс-шара екендігін атап өтті.
Күн мен түннің, қараңғы мен жарықтың қатар жүретіні сияқты кейде өмірдің де қуанышы мен қайғысының қатар жүретіні бар. Содан кейін де шығар, тіршілік бірде қат-қабат толқынымен тербеп биігіне шығарса, келесі сәтте тұңғиығына тартып, нар көтере алмастай ауыртпалығымен қабырғаңды қайыстырады. Жасыратыны жоқ, бұл әрқайсымыздың басымыздан өткен күндер. Дегенмен барға асып-таспай, қиындыққа да қайыспаған сынбаған ақын қыз, «еркін елдің ерCopyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены