Меню KDT
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өткен филология ғылымдарының кандидаты,профессор, «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Владимир Шнайдерменкездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өткен филология ғылымдарының кандидаты,профессор, «Әлеуметтік-гуманитарлық  және тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Владимир Шнайдерменкездесу


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өткен филология ғылымдарының кандидаты,профессор, «Әлеуметтік-гуманитарлық  және тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Владимир Шнайдерменкездесу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде 25қыркүйек күні №38 мектеп-лицейде қонақта филология ғылымдарының кандидаты,профессор, «Әлеуметтік-гуманитарлық  және тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Владимир Шнайдерқонақта болды. Ұлты мен аты өзге демесеңіз ұстанымы-қазақ,тілі-қазақ. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұратыны белгілі,кең құшағын ашқан  жерімізде ұлты неміс  бұл тұлға да қазақтармен бір шаңырақ астында өмір сүруде.Қазақ тілінің жанашыры,тіл дамуына үлкен үлес қосып жүргенВладимир Шнайдердің бүгінде 40-тан астам қазақ тілінде ғылыми еңбектері жарық көрген.Владимир Шнайдер-қазақ тілі маманы,бүгінде өз білгенімен қазақ жастарымен бөлісіп,дәріс беріп жүрген үлгілі тұлға.Ол өз сөзінде қазақ тілін қажеттілігімнен үйрендім деген болатын.Қазақ ауылында,қазақ балаларымен бірге өскен ол,өзге ұлт деп бөлмеген қазақ балаларымен бір тілде араласып,бүгінде қазақ тілінің абыройын асқақтатып отыр. Мектебізге келген ұстаз ұстаздармен және оқушылармен етене сөйлесіп, өз білгенімен бөлісті.Оқушылардың қойған сұрақтарына қызыға жауап қатып,оларды елді,тілді сүюге шақырды.Сонымен қатар,мектебімізде қазақ тілінде білім алып жатқан ұлты басқа оқушыларымызда кездесуге қатыстырылып,өздерінің төл тілдерінде өлең шумақтарын оқыды.

Осындай тіліміздің  құдіретін асқақтатып жүрген жандар қаншама,олардың қазақ ұлтына деген құрметі біздің өз ұлтымызға деген махаббатымызды ұлғайта түспек.Кеңдігіміз,теңдіміз,тәуелсіз егемен,ұлы ұлт екеніміз көпке мәлім.Ұлылығымызды айшықтай түсетін асыл тіліміздің бағасын білейік,оны қастерлейік.Ата-бабымыздан қалған асыл мұраны,ұрпағымызға абыроймен аманат ету біздің ұлт алдындағы басты міндетіміз.

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!



Назарларыңызға рахмет!

Теги:  Нұр-Сұлтан қ. №38 мектеп-лицей КММ

Комментариев нет
442 просмотров
Автор: 38mektep
Добавлено: 18.10.2019 в 08:47

Возможно вас заинтересует...!