2019 жылдың 16 қазанында 5-сыныптар қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбында әдеби сазды кеш өткізді.
«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты іс шараға анықтама
2019 жылдың 16 қазанында 5-сыныптар қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбында әдеби сазды кеш өткізді. Кештің мақсаты: ұлы ақынның өмірі, өлеңдерін, қара сөздерін, әндерін жатқа айтқыза отырып, оларды адамгершілікке,мейірімділікке, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсете алатындай тәрбие беру.
Кеште балалар Абай туралы білетіндерін бейнебаянға түсіріп, кеш алдында көрерменге паш етті. Соңы Абайдың
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммың оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!- деген өлең жолдарымен Абайдың сахнада көрінуімен кеш жалғасты. Оқушылар әдеби кешке бар ынтасымен дайындалғандығы олардың өлеңдерді жатқа айтқанында, әсіресе қара сөзін 5 «А» сынып оқушысы Аяжан мен 5 «Ә» сынып оқушысы Асылайлайлардың сөз мәнерін, тыңдарманына жеткізіе айтуынан ұғуға болады. Ал 5 «А» сынып оқушысы Салима «Көзімнің қарасы» әнің орындағанда бүкіл көрермен қосыла шырқады. Кеш соңы Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнің жетігеннің сүйемелдеуімен бүкіл қатысушының қосыла шырқауымен аяқталды. Іс-шараны ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Жусупова З.С, Молдабекова Ж.Б
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены