Меню KDT
Инспектормен кездесу


Балалар жол-көлік апатының алдын алу айлығының шеңберінде №44 орта мектепте мектеп оқушыларының Алматы ауданы бойынша КҚПБ ОЮП инспекторы, полиция лейтенанты И. Б. Тургыновпен кездесуі ұйымдастырылды.
Балалармен әңгіме барысында инспектор балаларға мектепте ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ережелері туралы еске салды. Сонымен қатар, ұрлық, тонау, қорқыту, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселесіне қатысты "Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы" тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Оқушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жылдан басталатыны, қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Инспектор көшеде, қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауды, коменданттық сағатты сақтауды ұмытпауды ұсынды. Оқушылар инспекторларды үлкен ықыласпен тыңдап, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.





Комментариев нет
415 просмотров
Автор: 44mektep
Добавлено: 30.09.2019 в 11:00

Возможно вас заинтересует...!