Меню KDT
Нан..., Нанға...., Нанмен

Мектепте 2019 жылдың 15-16  қазан күндері    оқушы бойына  үнемшілдік, ысырапшылдыққа жол бермеу қасиеттерін сіңіру және қадір-қасиет дағдыларын дамыту мақсатында  сыныптарда түрлі формаларда іс-шаралар өткізілді.

Мектеп жанындағы шағын орталық бүлдіршіндерімен тәрбиеші Аубакирова Г.К. «Ас атасы-нан» атты танымдық ойын-сабақ, 1 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Рахимжанова Ж.М.  «Нан болса ән де болады » атты тәрбие сағатын , 5-7 сынып балаларымен аға жетекші Альжапарова М.Ж. «Нан..., Нанға...., Нанмен» тақырыбымен топтық сайыс, музыка жетекшісі Камалиева Г.Т. оқушылар арасында ойталқы,  жоғары буын оқушылары арасында  « Нан қадірін білейік » атты ұн тағамдарынан жасалған өнімдерден   көрме ұйымдастырылды. Баланың жас ерекшеліктерін ескере отыра пікірталас, дөңгелек үстел, танымдық ойындар, көрме  түрінде өткізілді. Шараға ата-аналар комитеті мүшелері,      ұстаздар   қатысты.

Іс-шара соңында мектеп басшысы Ануарбек Кенжебулатович мектеп ұжымы мен ұйымдастырушыларға ,оқушыларға,    және олардың ата-аналарына алғыс білдірді.

Комментариев нет
276 просмотров
Автор: b017skobilim
Добавлено: 16.10.2019 в 12:08

Возможно вас заинтересует...!