Қарттарым- асыл қазынам
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкітамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсетутереңде жатыр. Сол бір айрықша дәстүр бүгінгікүнге дейін жалғасын табуда деп айтуға болады.Айталық 2019 жылдың 9- қазан күні №74 мектеп – гимназиясында «Қарттар күні» атап өтілді. Осыбілім ордасында мектеп басшысы Жеңіскүл Темірханқызының қолдауымен «Шарапат»әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан шақырылған жиырмаға жуық ата-әжелерге құрметкөрсетілді.
Мерекелік іс-шараның өтуіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағдагүл Рахымжан, «Ақ әжелер» тобының жетекшісі Кульбекова Айгүлжәне 7 «б» сынып жетекшісі Утеулиева Гүлшат ат салысты. Осы іс-шарада сахнада қарттарға арнап оқушылардың бір тобы мәнерлеп өлең оқыса, бір тобы тамаша әндерін тарту етті. . Ата- әжелер өткен күндердің сазды әндерін еске алып, «Ақ әжелер» тобы айтқан Шәмші Қалдаяқовтың әндерін қосыла шырқап, би биледі..Мектептің ата-анасы термеші,әнші, композитор Ақгүл Айса өзінің керемет «Өмір сынағы» атты толғауымен көрермендерді ерекше сезімге бөледі. Мерекелік концерттен кейін ата- әжелер арттарынан еріп келе жатқан ізбасарларына ақ тілек баталарын беріп, оларға орамал, шапан жауылып, естелікке суретке түсті. Артынан мектеп асханасында қарттарға арналған мерекелік дастархан жайылып, әр ата- әжелерге сыйлықтар үлестірілді.
Бір ауыз жылы сөз бен жылы ілтипатқа риза болған қарттар өздеріне арналған мерекелік іс- шараның шексіз қуаныш әкелгенін жеткізе отырып, мектеп басшысына , ұжымына , ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены