Меню KDT
«Табиғат және біз»


Табиғат тіршілік тынысы. Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.
Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.
      Табиғатты қадірлеп, қастерлеуге баулу мақсатында мектеп-гимназия қабырғасында «Табиғат және біз»   тақырыбында үлкен іс-шара болып өтті.
Болып өткен іс-шараға бастауыш сынып оқушылары ат салысты. Әр сынып өз деңгейіне берілген тапсырмаларды орындап, жасаған жұмыстарын ортаға салды.
1-сынып оқушылары табиғатқа арнап салған өздерінің суреттерін ортаға салды.
2-сынып оқушылары табиғат тақырыбына байланысты өздерінің жаттаған өлеңдерін мәнерлеп айтты.
3-сынып оқушылары әр түрлі материялдан жасалған,  түрлі заттарын көрсетін, олардың тиімді жолдары мен табиғатқа тигізетін пайдасы жайында баяндап өтті.
4- сынып оқушылары әр түрлі материялдан жасалған киімдерін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.

    


     


Комментариев нет
146 просмотров
Автор: 2mektep
Добавлено: 02.10.2019 в 11:19

Возможно вас заинтересует...!