Меню KDT
Мектебімізде 7-сыныптардың арасында "Бұрымды қыз" арулар сайысы өтті.

Қазақ халқы "қыз" деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың белгісі деп таныған және қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.
     Осыған орай, мектебімізде 7-сыныптардың арасында "Бұрымды қыз" арулар сайысы өтті. Бұл сайыс 6 кезеңнен тұрды. "Эстетикалық талғам" деп аталатын алғашқы кезеңде қатысушы қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс-тұрысы бағаланды. Екінші кезең таныстырудан кейін, "Қыздың көркі-шашы" деген бөлімде арулар басқа қыздарға шаш үлгісін жасап, қорғап, шашты күтіп өсірудің құпиясымен бөлісті. Одан кейінгі кезеңде қыздарымыз үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын таныстырды.
     "Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен"- демекші, сайыскерлердің білімдерін тексеру мақсатында "Зерделінің ойы озық" сұрақ-жауап айдары болды. Қыздар салт-дәстүр, әдебиет және тарихқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерімен ерекшеленді. Сайыстың соңғы әрі шешуші кезеңінде қатысушылар ән айтып,  би билеп, өлең оқып, қолдарынан келетін өнерлерін көрсетті.
     Сондай-ақ аруларға жанкүйер болып, қолдап келген достары көрермендерге арнап "Балбырауын" күйін ойнап берді.
     Әр кезеңнің ұпай сандарының қорытындысы бойынша, І орынды 7 "А" сынып оқушысы Мухамедиева Алтынай, ІІ орынды 7 "А" сынып оқушысы Тулеубаева Азиза, ІІІ орынды 7 "А"  сынып оқушысы Маралова Аяулым жеңіп алды. Қалған қатысушы қыздар Рысқұлова Диляра 7 "А" сынып оқушысы "Өнерлі қыз", Идрисова Аружан 7 "К" сынып оқушысы "Ибалы қыз" және Жакупова Калима 7 "К" сынып оқушысы  "Көрермен көзайымы" номинацияларымен марапатталды.
     Аталған іс-шараны ағылшын тілі пәні мұғалімі Н. С. Нуркенова және математика пәні мұғалімі А. Ә. Ахметова ұйымдастырды.

Комментариев нет
554 просмотров
Автор: 35mektep
Добавлено: 09.10.2019 в 18:34

Возможно вас заинтересует...!