Кешеніміздің 2А сынып оқушылары сынып жетекшісі Назгүл Ермековна және музыка мұғалімі Гүлден Жеңісханқызымен бірге мемлекет қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфулиннің музейіне экскурсия жасады.
"Социалистік төңкеріске тікелей қатысқан жалғыз қазақ ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі күреске толы болды. Ол қазақ әдебиетінің жаңа бағытта дамуына өз үлесін қосты.
«Сәкен, ең алдымен, өтірік дегенді білмейтін адам еді. Оның досы да, дұшпаны да көп болды. Солардың ешқайсысы не бұрын, не қазір Сәкеннің жалған сөйлегенін не көрдік, не естідік демеуге тиіс. Сәкен аса уәдешіл болатын, уәделі ісін бұлжытпай дер кезінде орындайтын. Екі сөзді айтпайтын»" деп, өмір бойы қол ұстасып өткен жан досы Сәбит Мұқанов жазғанын жеткізді музей жетекшісі Гүлайым ханым.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены