«ҰЛТ МАҚТАНЫШТАРЫ» атты кездесу күнделігінен...
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы мен мұражай бағытын орайластыра ұйымдастырылған «Ұлт мақтаныштары» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесуге Заң ғылымдарының докторы, профессор, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Мәуленов Қасым Сырбайұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі, Экономикалық-саясат институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы - Арыстанбеков Каирбек Төлендіұлы, КСРО еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның үш дүркін Чемпионы, 1984 жылғы Гавана финалында Еуропа чемпионы - Нурказов Серік Төкенұлы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» Жобалық кеңсесінің басшысы Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлы қатысты.
Кездесу шарасы бірнеше бөлімдер арқылы жүзеге асырылды. Алғашқы бөлімінде құрметті қонақтарымыз бен серіктес мектеп оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңдерін жүзеге асыру бойынша мектепте жүзеге асырылып отырған бірнеше жобалар мен аймақтарға экскурсия жасалды. Қазақ халқының өз құндылығымен өзін тәрбиелеудің бірнеше үлгісі таныстырылды. Екінші бөлімде құрметті қонақтарымызбен «Ұлт мақтаныштары» тақырыбын негізге ала отырып, пікірлесу, ақыл-кеңес алу, үлгі-өнеге жинау шарасы жүзеге асырылып, қонақтарымыздың өз аузынан жақсы әңгімелер естідік, оқушыларымыздың өмірге төселуіне, бой түзеуіне қажетті құнды дүниелер айтылды. Сол сияқты, қорытынды бөлімде №52 мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі басқару ұйымы», мектеп тәлімгері және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аппазова Ляйла Сағитқызымен бірге екі мектеп арасында мұражай бағытын дәріптеу, танысу, тәжірибе алмасу сынды жоспарланған дүниелер жүзеге асты. №52 мектеп-гимназиясының Президенті «Мәуленов мұражайына» ескерткішке тамаша бір туынды сыйлап, мұражай қорын толтыруға өзіндік үлесін қосты.
Кездесу соңы талантты оқушымыз Айтбай Нұрәлидің «Мен қазақпын» әніне ұласып, жиналған барлық аудиторияға нағыз патриоттық рух сыйлады. Нұрәли батырымызға Қасым Мәуленов қаламсабын сыйға тартып, «Мен сияқты доктор бол» деп батасын берді.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены