«Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану» тақырыбында кезекті тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
«Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану» тақырыбында кезекті тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Қыркүйек айының 30-шы жұлдызында мектебімізде шетел тілі пәні бірлестігі мұғалімдерінің «Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану» тақырыбында кезекті тәжірибе алмасу семинары өткізілінді. Семинар тақырыбына сәйкес ағылшын тілі пәні мұғалімі Ашенова Сабира Сәуелбековна дәріс оқып, әріптестерімен тренингтер өткізді, ағылшын тілі мұғалімдері жеке, топтық, жұптық тапсырмалар орындады. Пән мұғалімдері сабақта қолданылатын жаңа технологиялардың түрлерінің мазмұнын аша отырып,пәнді оқытуда оларды қолданудың тиімділігін жан - жақты қарастырды. Сонымен қатар, семинар аясында мұғалімдер жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақты жоспарлау және жаңа технологияларды қолдану арқылы тапсырмалар дайындауда теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, семинардан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены