Меню KDT
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің онкүндігі

       №65 мектеп- гимназиясында 23-қыркүйектен-02 қазан аралығында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің онкүндігі өтілді. Онкүндік «Еркін елдің ертеңі- кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында және еліміздің дана, кемеңгер ақыны А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналды. Мақсаты:А.Құнанбайұлының оқу-білім жайындағы гуманистік идеяларын оқушылар арасында насихаттау.Онкүндік барысында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұнына сай сабақ беріп, сабақта интербелсенді әдістерді қолданып, сабақтарында топтық, жұптық, жеке жұмыстардың түрлерін көрсетіп,оқушылардың еңбектері қалыптастырушы бағалаумен бағаланды.

 Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Бекмуханбетова Гүлнәр Ризабековна  10 «А» сыныбында «Абайдың он жетінші қара сөзі» тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ берді. Ашық сабақ барысында балалар Абайдың қара сөзін талдап, идеясын ашып, бүгінгі заманмен салыстыра білді, ой түйді.

Тасымова Гүлбаршын Қабылтайқызы 11 «Б» сыныбында «Абай-дана, Абай-дара» тақырыбында Абайтану пәнінен ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында оқушылар ақын-Абай,қарасөз шебері-Абай,сазгер-Абай тақырыптарында ой толғады. Ташметова Айгерім  «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы...»«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» тақырыбында 10 сыныпта қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді.

Теміржанова Қымбат Естаевна  5 «Б» сыныбында өткізген «Ұлттық киім- асыл мұра» ашық сабағы,  Үйсінбаева Алмагүл Көбеевна «Көшпелі қазақ мәдениеті»7 «Б» сыныбында өткізген ашық сабағы, Әсет Ақботаның «Ана тілім-айбыным» тақырыбында 6 «Ә» сыныбында өткізген ашық сабағы,  Рахметулина Гүлмира Ерболатовна «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында 6 «В» сыныбында өткізген ашық сабағы, Аманова Ш.А. «Көшпелілер өркениеті» тақырыбында 7 «Е» сыныбында өткізген ашық сабағы, Ғалымбай Аңсаған «Жарасымды киім» 5 «Е» сыныбында өткізген ашық сабағы мектеп әкімшілігі тарапынан жоғары бағаланды. Жас мамандар Жасузақ Ұлболсын мен Қабидоллаева Н.Ғ. 8-9-10 сынып оқушылары арасында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген тақырыпта шығармалар байқауын өткізді. Оза шауып, бәйге алған оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарына ие болды.Онкүндіктің нүктесін жас маман Сәрсенбаев Мақсат Айтжанұлы қойды. 02-қазан күні «Абайды оқы, таңырқа» атты А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған   әдеби-танымдық кеш өткізді. Кеш барысында Абай әндері шырқалып, Абай өлеңдері жатқа оқылды.Кеш соңында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Мырзахметова М.А. сөз сөйлеп, онкүндік барысында көзге түскен оқушыларды марапаттап, мұғалімдерге алғысын білдірді.

 Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті әдістемелік бірлестік жетекшісі: Файзулина Баян Боткеновна

Комментариев нет
431 просмотров
Автор: 65mektep
Добавлено: 03.10.2019 в 12:11

Возможно вас заинтересует...!