Меню KDT
ЭКОСАҒАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ СӘТТЕРІНЕН

ЭКОСАҒАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ СӘТТЕРІНЕН

2019 жылдың 4 қазан күні Сырбай мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде экологиялық сағат арнайы жоспар бойынша жүйелі түрде бірнеше шара қатар атқарылды. Таңертеңгі сағат 09.00-ден «Бала және жер», «Адам және ғаламшар» анимациялық бейнеролик мектептің 1,2,3-қабаттарында арнайы экраннан көрсетілді. Оқушылар ерекше қызығушылық танытып, табиғаттағы адамзат тарапынан болатын түрлі іс-әрекеттерді жолдастарымен бірге үзіліс кезінде талқылап жатқанын байқадық. Кішкентай ғана бейнероликтің оқушыларымыздың қоршаған орта қадірін түсінуге жол ашқанына қуандық. Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған "Эко сағат" акциясы аясында мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушылары "Қоқысты дұрыс сұрыптау" акциясын өткізді. Мектеп дәліздеріне қойылған арнайы қорапшалар орналасу шеңберіне қарай сыныптарға бөлініп берілді. Оқушылардың қоқысты дұрыс сұрыптап жинау мәдениеттерін мектебіміздің биология пәні мұғалімдері акция соңында тексеріп, ең таза ұқыпты сұрыптаған сыныптарға алғыс хат пен сыйлық берілді. Сағат 12.00-де биология пәні мұғалімі жоғары сыныптар үшін мектептің салтанат залында «Туған өлкенің таза табиғаты» тақырыбында экологиялық бағыттағы сабақ өткізді. Жоғары сынып оқушыларына туған өлке тазалығы туған үйінен, мектебінен басталатынын түсіндіре отырып, жер-әлемнің қазіргі таңдағы басты проблемаларына тоқталды. Оқушыларға ой салды, кейбір сұрақтарды бірге талдады және пікірлесті. Сағат 10.00-11.00 аралығында «Менің аулам – менің мектебім» айдарымен мектеп ауласын жапырақтан арылту шарасына мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Сағат 12.00-ден бастап мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Хайдар Ергалиевтің ұйымдастыруымен мектептің жоғары сынып оқушыларынан құрылған арнайы топ жасақталды және техника қауіпсіздігі өткізілді. Оқушылармен және ер мұғалімдердің қатысуымен мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызылды. Ағаш мектептің бастауыш қосымша мектебі аймағына отырғызылып, шара өз жұмысын аяқтады. Экологиялық сағат оқушыларымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыдан күн ретінде есте қалды


ЭКОСАҒАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ СӘТТЕРІНЕН

2019 жылдың 4 қазан күні Сырбай мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде экологиялық сағат арнайы жоспар бойынша жүйелі түрде бірнеше шара қатар атқарылды. Таңертеңгі сағат 09.00-ден «Бала және жер», «Адам және ғаламшар» анимациялық бейнеролик мектептің 1,2,3-қабаттарында арнайы экраннан көрсетілді. Оқушылар ерекше қызығушылық танытып, табиғаттағы адамзат тарапынан болатын түрлі іс-әрекеттерді жолдастарымен бірге үзіліс кезінде талқылап жатқанын байқадық. Кішкентай ғана бейнероликтің оқушыларымыздың қоршаған орта қадірін түсінуге жол ашқанына қуандық. Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған "Эко сағат" акциясы аясында мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушылары "Қоқысты дұрыс сұрыптау" акциясын өткізді. Мектеп дәліздеріне қойылған арнайы қорапшалар орналасу шеңберіне қарай сыныптарға бөлініп берілді. Оқушылардың қоқысты дұрыс сұрыптап жинау мәдениеттерін мектебіміздің биология пәні мұғалімдері акция соңында тексеріп, ең таза ұқыпты сұрыптаған сыныптарға алғыс хат пен сыйлық берілді. Сағат 12.00-де биология пәні мұғалімі жоғары сыныптар үшін мектептің салтанат залында «Туған өлкенің таза табиғаты» тақырыбында экологиялық бағыттағы сабақ өткізді. Жоғары сынып оқушыларына туған өлке тазалығы туған үйінен, мектебінен басталатынын түсіндіре отырып, жер-әлемнің қазіргі таңдағы басты проблемаларына тоқталды. Оқушыларға ой салды, кейбір сұрақтарды бірге талдады және пікірлесті. Сағат 10.00-11.00 аралығында «Менің аулам – менің мектебім» айдарымен мектеп ауласын жапырақтан арылту шарасына мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Сағат 12.00-ден бастап мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Хайдар Ергалиевтің ұйымдастыруымен мектептің жоғары сынып оқушыларынан құрылған арнайы топ жасақталды және техника қауіпсіздігі өткізілді. Оқушылармен және ер мұғалімдердің қатысуымен мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызылды. Ағаш мектептің бастауыш қосымша мектебі аймағына отырғызылып, шара өз жұмысын аяқтады. Экологиялық сағат оқушыларымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыдан күн ретінде есте қалды.
        


Комментариев нет
256 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 04.10.2019 в 22:30

Возможно вас заинтересует...!