Меню KDT
«Жас Дәурен» оқушылар комитеті мүмкіндігі шектеулі қарттарға көмек көрсетуде


«Жас Дәурен» оқушылар комитеті мүмкіндігі шектеулі қарттарға көмек көрсетуде

Лицейіміздің 2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары бойынша қазан айында көмекке зәру жалғыз басты, мүгедек қарттарға бару көзделген. Соған орай қазанның тоғызы «Жас Дәурен» оқушылар комитеті тоқсан жастан асқан Петропавл қаласының тұрғыны Лисицина Зинаида Григорьевнаның  үйіне барып, азын-аулақ азық-түлікпен қамтамасыз етті. Лицей оқушылары ІІ топтағы мүгедек кейуанамызға үй ішінде көмек көрсетіп, көңілін аулап, ғибратты әңгімелерін тыңдап қайтты. Оқушылар комитетінің белсенділері осындай жаны жайсаң қартпен жүздескен  соң, үлкендерге деген құрметтерін арттыра түсті деп ойлаймыз! «Қарттарым – асыл қазынам» демекші, осындай кездесулерден кейін әр оқушының бойында адамгершілік сезімі оянса, тәрбие жұмысы оң нәтижесін беріп жатыр деп білеміз!



Комментариев нет
397 просмотров
Автор: b1436skobilim
Добавлено: 04.10.2019 в 16:40

Возможно вас заинтересует...!