Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы №58 мектеп-гимназиясында Дүниежүзі табиғатта қорғау күніне арналған «Эко-сағат» іс-шарасы болып өтті. Табиғат – қоғам мен адам баласының өмір сүруге қажет ортасы. Табиғат алғашқы қауымнан бастап қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адамзат қауымының сұранысын өтеп келеді. Тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғатпен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқандықтан табиғатты аялауға тиіспіз «Бүгінгі эко - сағатқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министірі Жилкибаев Ержан Жұматұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің техника ғылымдарының докторы, экология кафедрасының профессоры – Капсалямов, Бауыржан Ауесханович. «Астана - дарыны» директоры, педагогика ғалымдарының кандидаты Курманбаева Майра Жанузаровна қатысты. Эко- сағаттың ашық екенін айтып сөз салған мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нугуманова Самал Ботақанқызы. Табиғатты қорғауға орай мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Атап айтар болсақ мектеп ауласы толығымен қоғамға айналып, әр түрлі ағаштар отырғызылып, гүлзарға айналуда. Бұл жұмыстардың барлығы мектеп басшысының ізденгіштігі мен ұйымдастырушылығының арқасында іске асырылуда өз кезегінде сөз салған жоғарыдағы құрметті қазақтар, атқарылып жатқан жұмыстарға дән ризашылықтарын білдіріп, мектеп ұжымына, табыс тіледі. Эко-сағат барысында қонақтарға, мектеп оқушыларына экраннан табиғатты қорғауға, оны аялауға байланысты бейне көрініс көрсетілді. Бейне көрініс көрермендердің көңілінен шықты. Эко – сағат іс шарасы барысында қонақтар мектеп ауласына өз аттарынан тал отырғызды. Іс – шара соңы мерекелік концертпен аяқтады. Іс - шара жоғары деңгейде өтті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены