ЭКОСАҒАТЫ
3 қазан күні №15 мектеп-лицейінде «Экосағат» кең көлемді акциясы басталды.
«ЭКОЛОГИЯ - ЕЛ АМАНДЫҒЫ» ұранмен салтанатты саптүзеу өткізілді. Саптүзеуге 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы,халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі; оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.
Саптүзеуде мектеп оқушылары экология, жер, табиғат туралы өлең жолдарын оқып, ән шырқады. 9-10 сынып оқушылары «Жасыл ел» атымен флешмоб биледі. Саптүзеуден кейін әр сыныпта сынып сағаттары өткізілді.
Жиын залында 10-11 сынып оқушыларының ұйымдастырумен «Экология және біз» табырыбында Дебат ойыны өткізілді. Дебатта оқушылар өз пірілерін ортаға салып, пікір таласқа түсті. 10 сынып оқушылары мектеп алаңына жас ағаштар отырғызылды. «ЭКОЛОГИЯ - ЕЛ АМАНДЫҒЫ» ұранмен өткізілген экосағатымыз жоғары дәрежеде өтті.
Автор: 15mektep
Добавлено: 03.10.2019 в 18:35