2019 жылдың 3-ші қазанында Қазақстандағы барлық мектепте «Эко-сағат» кең көлемді акциясы басталды. № 48 мектеп-лицейде де «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді. Мектебімізге Қазақстан Республикасының энергетика Вице-министрі Есимханов Сұнғат Қуатұлы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Қизатов Ермек Ануарбекұлы келді. Оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту үшін қолданылатын жұмыс түрлерін көрсету шараның басты тақырыбына айналды. Іс-шара барысында мектептің көшбасшылары мен 9-10 сынып оқушылары белсене ат салысты. Біріңғай республикалық экологиялық сағат аясында барлық сыныптарда экология тақырыбында сабақтар өтті. Сынып сағаттарында оқушыларға табиғат туралы бейнероликтер көрсетілді. Дана халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек!» деп, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға ерекше мән берген. Бүгінгі шара да сол игі дәстүрді жалғастырып, мектеп аулаларында жас көшеттерді егуге бағытталып отыр. Бұл бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтың игілігі үшін жасалып отырған маңызды қадам деп білеміз. Іс-шара соңында Сұнғат Қуатұлы бастаған топ мектептің маңына көшеттерді отырғызды. Бүгінгі іс-шара өз мақсатына жетті. Заманауи өзекті тақырыпта өткен мазмұнды іс-шараға Қазақстанда «эко-сағат» өткізу дәстүрге айналып, халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеуге едәуір үлес қосатыны сөзсіз. Осылайша еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасымен еліміздің барлық мектептерінде дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні аталып өтті. Оқушылар табиғат туралы білімдерін молайтты, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғынды деген сенімдеміз.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены