2-қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы «El` Plaza» мейрамханасында «Балаларға қуаныш сыйлайық» атты мейірімділік күніне №65 мектеп- гимназиясының басшысы Елекеева Нұргүл Жақсыбекқызының бастамасымен ұйымдастырылып, балаларға керемет мереке болып өтті. Ондағы мақсат бала болашағымыз екенін жеткізу, олардың қашанда мемлекеттің, қайырымды жандардың қолдауы мен қамқорлығымен қоғамдағы орнын көтеру. Балаларға қуанышпен қайырымды жандардың бар екендігіне көз жеткізу, мұндай іс- шаралар арқылы ұрпақ бойына мейірім мен қарапайымдылық, қайырымдылық нәрін себу.

Іс- шараны мектеп басшысы Н.Ж. Елекеева ашып балаларды «Мейірімділік күні» мерекесімен құттықтады. Мерекеге келген қазақтың әнші қызы Қарақат Әбілдина әннен шашу шашып, балаларға сыйлықтар таратты. Және де барлық демеушілер мен осы шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан азаматтар мен азаматшаларға алғысын білдірген мектеп басшысы ата-аналарға әр кезде қолдау көрсететінін, балалардың уақыттарының тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ететінін білдірді.
Балалар ән айтып, би билеп, өздерін еркін сезініп, ерекше күйде болды. Ата- аналар балаларының болашағына алаңдағанын емес әр, сәтінің осындай бақытты өткізгендіктерін сезінді. «Жақсы жүрер деген бар, бітер істің жанында» деген сөзбен, мектеп басшысы мен ұжымға үлкен ризашылықтарын білдірді!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены