«Aqyldyń arnasy keń darııasy – Elіmnіń qut-bereke qarııasy» atty merekelіk іs-shara
2019 jylǵy 30 qazan kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazıasynda 1 qazan – halyqaralyq qarttar kúnіne oraılastyrylǵan «Aqyldyń arnasy keń darııasy – Elіmnіń qut-bereke qarııasy» atty merekelіk іs-sharasy óttі.
2019 jylǵy 30 qazan kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazıasynda 1 qazan – halyqaralyq qarttar kúnіne oraılastyrylǵan «Aqyldyń arnasy keń darııasy – Elіmnіń qut-bereke qarııasy» atty merekelіk іs-sharasy óttі. Shara bastalmas buryn Kóktal 2 kentіnіń qart ata-ájelerі mekteptіń «Alash joly» sýbektıvtі mýzeıіmen tanysyp, mektep oqýshylary daıyndaǵan shaǵyn kórіnіsterdі tamashalady. Odan soń, іs-shara mektep AKT zalynda oqýshylardyń kontserttіk baǵdarlamasymen jalǵasty. Shejіrege toly qarııalarymyzǵa kóńіl-kúı syılap, qýantý úshіn mektep oqýshylary óz ónerlerіn sahna tórіnde kórsettі. Keshte bastaýysh synyp oqýshylary estradalyq ánderdі shyrqasa, joǵarǵy býyn oqýshylary ulttyq aspaptar dombyra men jetіgende dástúrlі ánderdі oryndap, gıtaramen de óner kórsete bіldі. Mektebіmіzdіń «Tumar» bı ansamblіnіń oryndaýyndaǵy «Qazaq» bıі sahna kórkіn arttyra tústі. Kesh sońynda mektep dırektory K. Baıahmetbaeva elіmіzdіń qanat jaıyp, órkendeýіne, urpaqtarynyń jarqyn keleshegіne tіlekshі qarııalarymyzdyń aramyzda alańsyz, aman-saý júrýі mańyzdy ekendіgіn atap ótіp, asyl qarttarymyzdy merkelerіmen quttyqtady. Sondaı-aq, mekteptіń qoǵamdyq ómіrіne, damý baǵytyna qoldaý kórsetіp, bala tárbıesіne belsene aralasyp júrgen bіrqatar ata-ájelerge mektep ujymy atynan rızashylyq bіldіrіp, alǵys hattarymen marapattady. Óz kezegіnde mektep ómіrіne belsene aralasyp júrgen atamyz Jeńіs Temeshbaıuly mektep ujymy men oqýshylaryn qarııalar atynan alǵystaryn bіldіrіp, batasyn berdі.
2019 жылғы 30 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында 1 қазан – халықаралық қарттар күніне орайластырылған «Ақылдың арнасы кең дариясы – Елімнің құт-береке қариясы» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Шара басталмас бұрын Көктал 2 кентінің қарт ата-әжелері мектептің «Алаш жолы» субъективті музейімен танысып, мектеп оқушылары дайындаған шағын көріністерді тамашалады.Одан соң, іс-шара мектеп АКТ залында оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Шежіреге толы қарияларымызға көңіл-күй сыйлап, қуанту үшін мектеп оқушылары өз өнерлерін сахна төрінде көрсетті. Кеште бастауыш сынып оқушылары эстрадалық әндерді шырқаса, жоғарғы буын оқушылары ұлттық аспаптар домбыра мен жетігенде дәстүрлі әндерді орындап, гитарамен де өнер көрсете білді. Мектебіміздің «Тұмар» би ансамблінің орындауындағы «Қазақ» биі сахна көркін арттыра түсті. Кеш соңында мектеп директоры К. Баяхметбаева еліміздің қанат жайып, өркендеуіне, ұрпақтарының жарқын келешегіне тілекші қарияларымыздың арамызда алаңсыз, аман-сау жүруі маңызды екендігін атап өтіп, асыл қарттарымызды меркелерімен құттықтады. Сондай-ақ, мектептің қоғамдық өміріне, даму бағытына қолдау көрсетіп, бала тәрбиесіне белсене араласып жүрген бірқатар ата-әжелерге мектеп ұжымы атынан ризашылық білдіріп, алғыс хаттарымен марапаттады. Өз кезегінде мектеп өміріне белсене араласып жүрген атамыз Жеңіс Темешбайұлы мектеп ұжымы мен оқушыларын қариялар атынан алғыстарын білдіріп, батасын берді.


Автор: 68mektep
Добавлено: 30.09.2019 в 14:21