2019 jylǵy 25 qyrkúıek kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda QR Prezıdentі Q. Toqaevtyń 2019 jylǵy 2 qyrkúıektegі «Syndarly qoǵamdyq dıalog – Qazaqstannyń turaqtylyǵy men órkendeýіnіń negіzі» atty joldaýyn túsіndіrý jumystary ótkіzіldі.
2019 jylǵy 25 qyrkúıek kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda QR Prezıdentі Q. Toqaevtyń 2019 jylǵy 2 qyrkúıektegі «Syndarly qoǵamdyq dıalog – Qazaqstannyń turaqtylyǵy men órkendeýіnіń negіzі» atty joldaýyn túsіndіrý jumystary ótkіzіldі. Onyń aıasynda, tarıh pánіnіń muǵalіmі A. Tashmaganbetov 9-synyp oqýshylary arasynda «Kúshtі Prezıdent, yqpaldy Parlament, eseptі Úkіmet» taqyrybynda pіkіrtalas uıymdastyrdy. Pіkіrtalastyń maqsaty, saıası júıenіń modernızatsııalanýyn, halyq pen bılіktіń yntymaǵyn kúsheıtýdіń jańa joldaryn oqýshylarǵa túsіndіre otyryp, jas urpaqtyń saıası mádenıetі men sanasyn jetіldіrý, saıası júıege degen senіmіn arttyrý arqyly jańa tárbıelі orta qalyptastyrý. Pіkіr-talas sabaǵy barysynda oqýshylar «Prezıdent zaman talabyna saı tıіmdі memleket qurýdyń bes mіndetіn atap kórsetkenіn, Joldaýda qoǵamdy mazalaıtyn negіzgі máseleler kóshede emes, azamattyq dıalog sheńberіnde Parlamentte talqylanyp, óz sheshіmіn tabý kerektіgіne erekshe toqtalǵanyn» aıtyp óttі. Pіkіrtalas sońynda árbіr oqýshy osy taqyrypqa qatysty óz oılaryn aıtyp jetkіzіp, sabaqtyń maqsatyna jetýіne óz úlesterіn qosty.
2019 жылғы 25 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын түсіндіру жұмыстары өткізілді. Оның аясында, тарих пәнінің мұғалімі А. Ташмаганбетов 9-сынып оқушылары арасында «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есепті Үкімет» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Пікірталастың мақсаты, саяси жүйенің модернизациялануын, халық пен биліктің ынтымағын күшейтудің жаңа жолдарын оқушыларға түсіндіре отырып, жас ұрпақтың саяси мәдениеті мен санасын жетілдіру, саяси жүйеге деген сенімін арттыру арқылы жаңа тәрбиелі орта қалыптастыру. Пікір-талас сабағы барысында оқушылар «Президент заман талабына сай тиімді мемлекет құрудың бес міндетін атап көрсеткенін, Жолдауда қоғамды мазалайтын негізгі мәселелер көшеде емес, азаматтық диалог шеңберінде Парламентте талқыланып, өз шешімін табу керектігіне ерекше тоқталғанын» айтып өтті. Пікірталас соңында әрбір оқушы осы тақырыпқа қатысты өз ойларын айтып жеткізіп, сабақтың мақсатына жетуіне өз үлестерін қосты.
Автор: 68mektep
Добавлено: 26.09.2019 в 14:13