2019 jylǵy 3 qazan kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda «Eko-saǵat» aktsııasy aıasynda eko kún óttі.
QR EKOLOGIIa, GEOLOGIIa JÁNE TABIǴI RESÝRSTAR MINISTRI M. MYRZAǴALIEVTYŃ MÁLIMDEMESI BOIYNShA QAZAQSTAN MEKTEPTERINDE «EKO-SAǴAT» KEŃ KÓLEMDI AKTsIIaSY BOLYP ÓTTI.
2019 jylǵy 3 qazan kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda «Eko-saǵat» aktsııasy aıasynda eko kún óttі. Sharaǵa Nur-Sultan qalasy, Investıtsııalar jáne kásіpkerlіktі damytý basqarmasynyń basshysy E. Orynbasaruly men Nur-Sultan qalasy Bіlіm basqarmasynyń bas mamany D. Alıbekova, sondaı-aq, QR Qorǵanys mınıstrіnіń orynbasary T. Dandybaev qatysty. Aktsııa barysynda qonaqtar men ata-analar nazaryna «Ekologııa – zaman talaby» atty sahnalyq qoıylym usynylyp, oqýshylardyń uıymdastyrýymen taqyryptyq baǵdarlama júrgіzіldі. Baǵdarlama tіlshіsі ekolog jáne dárіger mamandarǵa taqyryp aıasynda saýal joldap, Nur-sultan qalasynyń ekologııalyq máselelerіnіń týyndaý sebepterіn anyqtady.
Is-shara aǵash otyrǵyzý rásіmіmen jalǵasty. Bıylǵy jylǵy Qazaqstan mektepterіnde keń kólemde atap ótіlіp jatqan aktsııaǵa úkіmet múshelerі men óńіr ákіmderі bekіtіlgen bolatyn. № 68 mektep-gımnazııasyna kelgen basqarma basshysy men mınıstr orynbasary, sondaı-aq, sharaǵa erіktі túrde atsalysýǵa kelgen ata-analar oqýshylarǵa tal egýge kómektestі. Mektep aýlasyndaǵy arnaıy belgіlengen oryndar qazylyp, 30 túp aǵash otyrǵyzyldy.
Esterіńіzge sala keteıіk, osyǵan deıіn QR Ekologııa, geologııa jáne tabıǵı resýrstar mınıstrі: «Dostar, osy beısenbіde elіmіzdіń barlyq mektepterіnde «Eko-saǵat» atty fakýltatıv oqytyla bastaıtynyn qýana habarlamaqpyn. Bul kún kezdeısoq tańdalǵan joq. 3 qazanda Dúnıejúzіlіk mekendeý ornyn qorǵaý kúnі atalyp ótedі. Bіz bul kúnі Elіmіzde 200 myńnan asa aǵash otyrǵyzylady dep úmіttenemіz. Qazaqstanda «Eko-saǵat» ótkіzý dástúrge aınalyp, halyqty ekologııalyq turǵyda tárbıeleýge edáýіr úles qosady degen oıdamyn» - dep jazǵan bolatyn Twitter-degі óz paraqshasynda.
ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ М. МЫРЗАҒАЛИЕВТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ «ЭКО-САҒАТ» КЕҢ КӨЛЕМДІ АКЦИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ
2019 жылғы 3 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында «Эко-сағат» акциясы аясында эко күн өтті. Шараға Нұр-Сұлтан қаласы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Е. Орынбасарұлы мен Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бас маманы Д. Алибекова, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Т. Дандыбаев қатысты. Акция барысында қонақтар мен ата-аналар назарына «Экология – заман талабы» атты сахналық қойылым ұсынылып, оқушылардың ұйымдастыруымен тақырыптық бағдарлама жүргізілді. Бағдарлама тілшісі эколог және дәрігер мамандарға тақырып аясында сауал жолдап, Нұр-сұлтан қаласының экологиялық мәселелерінің туындау себептерін анықтады. Іс-шара ағаш отырғызу рәсімімен жалғасты. Биылғы жылғы Қазақстан мектептерінде кең көлемде атап өтіліп жатқан акцияға үкімет мүшелері мен өңір әкімдері бекітілген болатын. № 68 мектеп-гимназиясына келген басқарма басшысы мен министр орынбасары, сондай-ақ, шараға ерікті түрде атсалысуға келген ата-аналар оқушыларға тал егуге көмектесті. Мектеп ауласындағы арнайы белгіленген орындар қазылып, 30 түп ағаш отырғызылды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: «Достар, осы бейсенбіде еліміздің барлық мектептерінде «Эко-сағат» атты факультатив оқытыла бастайтынын қуана хабарламақпын. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 3 қазанда Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні аталып өтеді. Біз бұл күні Елімізде 200 мыңнан аса ағаш отырғызылады деп үміттенеміз. Қазақстанда «Эко-сағат» өткізу дәстүрге айналып, халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеуге едәуір үлес қосады деген ойдамын» - деп жазған болатын Twitter-дегі өз парақшасында.
Автор: 68mektep
Добавлено: 03.10.2019 в 14:01