Меню KDT
ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!

ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!
Бүгін 1 қазан – Халықаралық Қарттар күні. Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде осы күнді ерекше атап өтті. Соңғы бірнеше жылдан бері еңбек демалысына шыққан қадірменді қарттарымыз - педагогикалық еңбек зейнеткерлерін шақырып, қонақ еттік.  Кездесуіміз соңғы жылдары мектеп өмірінде болып жатқан жақсы жаңалықтарымыз бен заманауи өзгерістерімізді таныстыру мақсатындағы экскурциядан басталды.
Қарттарым, жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан! –
деп басталған мерекелік концертіміз шәкірттердің шынайы ықыласынан туындаған әсем ән мен тәтті жырға, мың бұралған би мен «Уақыт» қадірін түсіне білген, түсіндіре білген жас әртістеріміздің толғауларына ұласты. Қадірменді зейнеткерлерімізге басшымыз Алмагүл Тілектесқызынан бастап  бар ниетімізбен құрмет көрсетуге атсалыстық. Ардагерлеріміз аналық, әкелік жүректерінен шыққан алғыстарын жеткізді. «Осындай заман талабына сай, заманауи мектепте білім алып, тәрбие көріп жатқан сіздер бақыттысыздар, балалар. Мектепте балалардың оқуы үшін де, демалысы үшін де, бос уақытын тиімді пайдалану үшін де жағдай жасалыпты. Енді тек білім алып, мектеп абыройын көтеріңіздер!» - деген игі тілектер айтылып, баталарын берді.

Комментариев нет
278 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 01.10.2019 в 21:07

Возможно вас заинтересует...!