← Назад к новостям
1 қазан Халықаралық Қарттар күні

1 қазан Халықаралық Қарттар күні

15mektep
01.10.2019 в 17:48
309 просм.
Нет комментариев

2019ж. 30 қыркүйек күні №15 мектеп-лицейінде «Құрметтейік, қарттарды!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

 «Қарты бар үйдің -қазынасы бар дейді, -халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы да әрине қарт адамдар.

Іс-шарамызға Нұр-Сұлтан  қаласыардагерлер қоғамдастығының  «Арқа әуендер» ансамбліде белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
 

Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
  

Автор: 15mektep · 01.10.2019
309
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT