Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінде 2019 жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Бақтыбай Ержан Серғазыұлы «Парасаттылық» тақырыбында оқушыларға дәріс оқыды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шара бойынша ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінде 2019 жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Бақтыбай Ержан Серғазыұлы «Парасаттылық» тақырыбында оқушыларға дәріс оқыды. Оқушылармен еркін сұрақ қою арқылы, өз ойларымен пікір алмасты. Дәрістің негізгі мақсаты оқушыларының адалдығын шыңдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Мектебімізде оқушылар құрамынан құрылған «Адалдық» клубы жұмыс жасайды. Оқушыларымыз сол клубтың мақсат міндеттерімен қонағымызды таныстырды. Ержан Серғазыұлы сөз соңында "Парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамның өмір сүру нормасы, Жастар – болашақ Қазақстанның негізгі қозғаушы күші, аға ұрпақтың лайықты ауысуы!", еңбекке, өзіне және қоршаған әлемге адал қарым-қатынас – еліміздің жетістігінің басты факторы екенін айтып, сөзін қорытындылады.
Ержан Серғазыұлы оқушыларға оқуда табыс пен жетістіктер тілей отырып, осы оқу жылы жарқын әсерлерімен және жақсы естеліктерімен есте қалсын деген жылы лебізін білдірді. Дәріс оқушылар үшін өте қызықты, мағыналы болды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены