2019 жылдың 27 қыркүйек күні мектебімізде жаңадан қабылданған 7 сынып оқушыларын «Зерделілікке» және «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны болды.

Қазіргі кезде мектеп өмірінде өзін-өзі басқару ұйымы маңызды рөл атқарады. Білім мен тәрбиені қатар сіңіру арқылы ғана біз өз-өзіне сенімді, зиялы да текті ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осы орайда, қосымша білім берудің, оның ішінде, балалар ұйымдарының алар орны ерекше. Осындай игі істердің жаршысы болып жүрген Елбасы, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бүгінде өскелең ұрпақ тәрбиелеуде өзінің үлесін қосып келуде. Мектебімізде «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы ол – жұмылдыра отырып жұмыс істеуге, бір-бірімен жақын араласуға, мекбебіміздің ішкі ережесін бұлжытпай орындауға, мектеп ішіндегі әртүрлі іс-шараларды жүзеге асыруға, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға, қала мектептерімен және орталықтармен бірлескен жоспарларды жүзеге асыруға үйрететін ұйым.
Автор: 9mektep
Добавлено: 30.09.2019 в 14:04