Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019-2020 оқу жылында 9 – 16 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық өткізілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019-2020 оқу жылында 9 – 16 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық өткізілуде.
Осыған орай мектебімізде Отбасы күніне арналған «Отбасы - рухани жаңғыру негізі» ұранымен «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.
Автор: b0828skobilim
Добавлено: 18.09.2019 в 06:07