Меню KDT
Құқық бұзушылық кеңесі өз жұмысын бастады

Құқық бұзушылық кеңесі өз жұмысын бастады


Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бағытының бірі – бұзақылық, қаңғыбастық, ерте отбасылық сәтсіздікті болдырмау мен құқық бұзушылықтың алдын алу.

      Оқушылар арасындағы бұзақылық, қаңғыбастық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп пен осы алдын алу бағыты бойынша жауапты  органдардың жұмыс жүйесін белсендіру мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі жұмыс жасайды.

    2019-2020 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің құрамына ата-аналар кірді.

  2019 жылдың 28 қыркүйегінде кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа мектеп директоры Байсалбаев К.С.,  тәрбие ісінің орынбасарлары Хамитова А.Т., Жанабаева Д.М.,  ПБ Байқоңыр районы капитан полициясы, мектеп инспекторы  Бирмагамбетова Э.М., әлеуметтік педагог Мустафина Б.С., психолог Исабаевой Г.Т., ата-аналар Вавилина В., Левандовская В., Скосырская А. қатысты.

    Құқық бұзушылықтың алдын алу отырысында ата-аналық міндеттерін толық орындамай жүрген тұлғалардың ісі қаралды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Ата-аналарға балалар тәрбиесіне қатысты нақты ұсыныстар берілді.

   Құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарына сәйкес кеңес отырысы айына бір рет өткізілетін болады.


Комментариев нет
268 просмотров
Автор: 27mektep
Добавлено: 28.09.2019 в 17:51

Возможно вас заинтересует...!