Меню KDT
«Нашақорлық-ғасыр індеті»


2019 ж. 26 қыркүйек күні сағат 11.00.-де №15 мектеп-лицей оқушыларына  «Бірлік» қорының психологы Яковышена  Евгения  Нашақорлықты алдын алу мақсатында «Нашақорлық-ғасыр індеті» тақырыбында дәріс берді.

     Нашақорлық - бүкiл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселелердiң бiрi. Қаншама ұрпақтың өмiрiн жалмаған, осынау аждаһамен күрес күн санап күшейтiлсе де дес бермей отыр. Ең бiр сорақысы есiрткiге елiтiп, есiнен айырылғандардың көбiсi жастар мен жасөспiрiмдер екенін айтты. Нашақорлық-бұл қоғамды улаған індет болып табылады. Қанша жерден бұл туралы ащы шындықтар айтылып жатса да,қоғамымыз әлі де бұл кеселден арылмай отыр.Нашақорлықтың зардабы өте көп. Ол әсіресе жас жеткіншектердің өміріне балта шабады,яғни адам өміріне кері әсерін тигізеді. Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Осының салдарынан әртүрлі ауруларға ұшырайды. Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады,уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып,әлсіздік басады. Есірткіні анда-санда қолданатындардың іші өтеді,асқазаны ауырады,тамаққа тәбеті болмайды,жиі құсады,аяқ-қолдарының сіңірі оқтын-оқтын құрысады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады,жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады. Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді,тиісінше мидағы эндорофинзаттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қоймайтын, әлсіз болып қалатыны туралы айтып өтті. Дәріс соңында шағын видеолар көрсетілді. Оқушылар сұрақ қоя отырып, өздеріне қажетті мағұлматтар алды.


Комментариев нет
363 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 20.09.2019 в 13:46

Возможно вас заинтересует...!