5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мектебімізде
5-қыркүйек күні №15 мектеп-лицейі Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өтті. Фестиваль аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Раул Мәншүк бұл мереке Ұлт ұстазы, қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылғанын атап өтті. 5-11- сынып оқушылары тілдің құдіреті жайлы және ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қазақ тілі пәні мұғалімдері Мамбаева С.Г., Ахметова А.С. «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты сыныптан тыс шара өткізді. Сабақ 3 «В» және 3 «Г» сыныптары арасында сайыс түрінде өткізілді. Әр топ бір-бірімен амандасып, ұрандарын қорғады. Келесі айналымдарда берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру, жұмбақтардың шешуін табу, танымдық сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің білімдерін сынады

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Әсемова Р.С.
9«А»сыныбымен «Ахмет Байтұрсынұлы -қазақ руханиятының көсемі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының ақын, көсемсөзші, мысалшы, аударма, ғалым, қоғам қайраткері екендігін жан-жақты талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. Сабақта оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік қырлары байқалды. А.Байтұрсынұлының тағылымына ой жүгіртіп, білімдерін шыңдады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қазбекова А.Х., Дауетаева А.Х., Жетпісова Ш.Ш. 8-11 сыныптар арасында «А.Байтұрсынұлы-көркемсөз шебері» атты конференция өткізді. Оқушылар А.Байтұрсынұлының өлеңдерімен, ғылыми еңбектерімен, публицистикалық шығармаларымен танысып, ұлы ұстаздың өмірі жайлы бейнебаян тамашалады. Қазбекова А.Х. көркемсөз шебері бүкіл қазақ қоғамын алаңдатқан үлкен проблема- жазу, алфавит мәселесімен айналысқанын айтты. Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың бас кезінде араб әліппесін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру мақсатымен өзгерістер енгізумен шұғылданады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері Раул М. пен Дуйсенова Ж.Қ. А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» аудармаларына 5-сыныптармен ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Мысалдардың мазмұнымен таныстыру, талдау жасау, тәрбиелік мәнін анықтау. Сабақта жаңа бағдарлама бойынша барлық әдіс-тәсілдер қолданылып, сабақ нәтижесіне жетті. Әсіресе оқушылардың сахналық көріністерінің әсерлігігі ерекше болды. Оқушылар үлкен рухани байлық алды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері Раул М. пен Дуйсенова Ж.Қ. А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» аудармаларына 5-сыныптармен ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Мысалдардың мазмұнымен таныстыру, талдау жасау, тәрбиелік мәнін анықтау. Сабақта жаңа бағдарлама бойынша барлық әдіс-тәсілдер қолданылып, сабақ нәтижесіне жетті. Әсіресе оқушылардың сахналық көріністерінің әсерлігігі ерекше болды. Оқушылар үлкен рухани байлық алды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Әбілқайырова С.Е.,Дулатбай К.К., Әубәкірова Г.Т. «Ахмет Байтұрсынұлы-кемеңгер қоғам қайраткері» атты сайыс сабақ өткізді. Мақсаты:Ақын өмірі мен шығармашылығын оқушыларға үлгі ете отырып, өз тілін,елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалары жайлы білімдерін ортаға салды. Ақынның өлеңдері, ғылыми еңбектері, өлең жинақтары, мысалдары бойынша кестені толықтырды. «Маймыл мен көзілдірік», «Маса», «Аққу, шортан һәм шаян» өлеңдері мен мысалдарының тақырыбы мен идеясын сурет арқылы ашты. «Кім жылдам?» бөлімінде оқушылар А.Байтұрсынұлының есте сақтаған «Қырық мысал» кейіпкерлерінің атттарын жазып жарысты. Сайыс сабақ арқылы оқушылардың ақын шығармашылығына деген қызығушылықтары артты.
Автор: 15mektep
Добавлено: 05.09.2019 в 13:35