1 Қыркүйек-Білім күні
Биылғы 2019-2020 оқу жылында №15 мектеп-лицей оқушыларына
Білім күніне арналған алғашқы қоңырау соғылды. Бүгін барша Қазақстандықтар үшін ерекше мереке. 1 қыркүйек дәстүрлі Білім күні мерекесі, оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады.
Мерекеге келген қонақтар ата-аналарға, ұстаздар мен оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі.
№15 мектеп-лицей директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлы өз құттықтауында биылғы оқу жылының ерекшелігіне тоқтала келіп, ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды білім күнімен шын жүректен құттықтады. Сонымен бірге бүгінгі Білім күнінде мектеп табалдырығын аттаған оқушылар мен бүлдіршіндерімізді құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі.
Мектебіміздің жас бүлдіршіндері мектепке, ұстаздарға, Отанға арналған тақпақтарын айттып, білім күнімен құттықтады. Түлектер аттарынан 1 сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етілді. Мектеп оқушылары қонақтарға, ата-аналарға, ұстаздарға өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың бірі би билеп, бірі ән айтты.
11сынып оқушылары бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, «Білім кілтін» табыс етті.
Жас бүлдіршіндерге лента кесіліп, ақ жол тілеп, алғашқы сабаққа шығарып салды.
Іс-шарамыздвң қонақтары Астана қаласы маслихатының депудаты Шайдаров Мажит Зейнуллович, Еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Пашкова Наталья Павловна және мектеп директор Бауыржан Қапарұлы төселген ақ жолдың лентасын кесіп, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.
Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымыздың соңы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында патриот сабағына ұласты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены