2019 жылғы 21 қыркүйек күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесі отырысы өтті. Мектептің мақсаттары мен бағдарламаларын іске асыруда көмек көрсету, мектеп қызметінің нәтижелігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында құрылған қамқоршылық кеңес 2018-2019 оқу жылында көптеген жұмыс жүргізді. Тлектес Сайхатановна Шингужинованың басшылығымен қысқа мерзім ішінде кеңес жұмысы мақсатты, әрі нәтижелі болды. Барлық атқарылған жұмысқа сараптама жасалып, Т.Шингужинованың төрайым қызметінің тоқтатылуы туралы шешілді. Ашық дауыс беру жолымен бірауыздан Атахан Усманханович Абдижалилов төраға болып сайланды. Кеңес құрамы жаңартылып, мектеп ата-аналары Гульбакыт Тохтаровна Нургалиева, Анар Сериковна Бибосынова қатарға қосылды. Еліміздің дамуына зор үлесін тигізіп жатқан қамқоршылық кеңесінің мүшелері біздің мектептің дамуына да үлкен үлестерін тигізетіндігіне сенімдіміз! Атахан Усманханович Абдижалиловты шын жүректен құттықтап, күш пен жігер, сәттілік тілейміз!

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены