Меню KDT
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

«Отбасы – алтын бесік», «Мектеп – алтын ұя». Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде мектеп ата-аналарына арналған жаңа оқу жылындағы алғашқы «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Алғашқы бөлімінде мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы мектептің 2019 жылғы бюджет қаражатын бөлу туралы есеп берді.  Сондай-ақ, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен әлеуметтік педагогтар тарапынан 2019-2020 оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспарымен таныстыру: білім сапасы, жаңартылған білім мазмұны, кластер жұмысы, тәрбие жұмысы, жетістіктер мен мәселелер, "Жалпылама білім беру" қорының қаражатын пайдалану, "Мектепке жол" акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына көмек көрсету мәселелері төңірегінде баяндама жасалып, ата-аналар назарына ұсынылды.

«Ашық есік күнінің» екінші бөлімінде мектептегі «Қосымша білім беру» бағытында үйірмелер мен спорттық секциялардың, мектебімізде биыл ғана ашылған IT, гидропоника аймақтарының жұмыстарымен және заманауи биология кабинетімен, STEM-лаборатория кабинетімен, «Мәуленов мұражайымен», асхана қызметімен таныстыру мақсатында ата-аналармен бірге мектепке экскурсия жасалды. Айта кетерлік тағы бір жаңалық, Рухани-жаңғыру аясында мектебімізде мұғалімдер мен оқушылардың күшімен жасалып, жинақталған этнокешеннің тұсауы кесілді. Ата-аналарымыз дәстүрлі ән, хореография, домбыра, қазақша күрес, алыпсоқ, баскетбол, қолөнер сияқты үйірме жұмыстарымен етене танысты, туындаған сұрақтарына да жауап алды.

Мектебімізде дәстүрге айналып отырған «Ашық есік күні» әр ұйымдастырылған сайын өз жаңалығымен ерекшеленіп отырады. Бүгін де жұмыстарымыздың барысында ата-аналар тарапынан ұялы телефондар арқылы сауалнама ұйымдастырылып, кері байланыс жасалды.

«Қымбатты ата-аналар, сіз бен біз бір баланы оқытып, тәрбиелеп отырмыз. Үйде Сіздер, мектепте біздің тарапымыздан жағдай жасасақ, тәрбиелесек, нашар ұрпақ болмайды. Сондықтан, қашан да біз Сіздермен біргеміз», - деген ниетімізді жеткізе отырып, ата-аналарымызды шығарып салдық.

Комментариев нет
345 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 21.09.2019 в 20:59

Возможно вас заинтересует...!