ОТБАСЫ - АЛТЫН ДІҢГЕК...
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде "Отбасы-бақыт мекені" республикалық апталық аясында «Отбасы – алтын діңгек» атты отбасылар арасында тәрбиелік бағытта сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу. Сайысқа «Қарлығаш», «Достық», «Алаш» атты отбасылық топтар қатысты. Сайыс барысында аналарымыз балаларымен бірге мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқыды. Тәрбиелік бағыттағы сұрақтардың жауабын бплаларымен бірге тауып, түрлі ситуациялық жағдаяттарды бірге шешті.
Бала мен ана арасындағы мейірімділік пен махаббатқа куә болдық. Іштей "Бала бақыты - берекелі отбасыдан" екенін түйсіндік. Тәрбиелік мәні терең сабақты ұйымдастыруда көп ізденген мектептің әлеуметтік педагогтарына алғыс білдіре отырып, бүгінгі сабаққа уақыттарын бөліп, бала тәрбиесін бірінші кезекке қоя алған ата-аналарымызға отбасылық бақыт тілейміз!

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены