Меню KDT
"АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!" БIР КҮНДIК АКЦИЯСЫ

Бүгiн, 5 қыркүйек күнi Сырбай Мəуленов атындағы 37 мектеп-лицейiнде жолда жүру ережесiн дəрiптеу, жол апатының алдын алу мақсатында, "Абайлаңыз, балалар" атты бiр күндiк акция ɵткiзiлдi. Акция аясында ɵткiзiлген шаралардың ауқымдысы əрi маңыздысы болып ата-аналар мен бастауыш сынып оқушыларына таратқан "Абайлаңыз, балалар!" айдарымен таратылған мазмұнды парақшалар болды. Мектебiмiздiң "Ɵзiн-ɵзi басқару ұйымы" мүшелерiнiң қатысуымен жасалған бұл шара 2000-ға жуық бастауыш сынып оқушысы мен ата-анасын қамтыды. 

Бiрiншi ауысымның 156 жоғары сынып оқушысы қатысқан "Абайлаңыз, балалар" атты онлайн түрiндегi сабақ жолда жүру ережесiн кеңiнен қамтыған шара ретiнде оқушыларға ой салды. Екiншi ауысымның 5-сынып оқушылары үшiн дайындалған түсiндiру жұмысын мектеп инспекторы Азамат Наурызбаев ɵткiзiп, оқушылардың тарапынан қойылған кɵптеген сұрақтарға жауап бердi.

Сол сияқты мектептiң дене шынықтыру пəнi мұғалiмдерi екi ауысымда да сабақтарын жолда жүру кезiндегi қауiпсiздiктен бастап , бағдаршам қызметiмен байланыстыра спорттық ойындар ɵткiздi.

Қорыта келгенде, бүгiнгi түрлi шаралар ɵткiзiлген акция оқушылар үшiн маңызды жəне пайдалы болды деп есептеймiз.

Комментариев нет
267 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 05.09.2019 в 20:26

Возможно вас заинтересует...!