«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»
(Білім күніне арналған салтанатты жиын)
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан! –
деп қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының сөзімен басталған алтын ұя мектебіміздің «бір кірпіші болып қаланғалы» отырған бүлдіршіндер құрметіне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау мерекесі ерекше көңілмен басталды. 50-ге жуық оқушы қатысқан салтанатты жиынның прологы мектебіміздегі «Жас сарбаз» сыныбын, хореграфия, алыпсоқ, қазақша күрес, баскетбол сияқты үйірмелерді дәріптей отырып, санасы салқын ұрпақтың жарқын бейнесі ашылды. Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-лицей директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы биылғы жаңа оқу жылында оқушыларға сәтті қадамдар тілеп, болашаққа нық қадаммен басуға шақырды. Салтанатты жиынның басты қонағы ретінде Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шингужинова Тлектес Сайхатановна оқушылар мен ата-аналарды, педагогикалық ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, 1-сынып оқушыларының алғашқы қадамдарына оң тілеуін жеткізді. «Біз мектепке барамыз» әнімен ортаға шыққан 1-сынып оқушыларының мектеп өміріндегі алғашқы қадамдары көңілді қуанышқа бөлесе, 11-сынып оқушыларының тілек-жүрекшелер арқылы жеткізген жүрекжарды тілектері салтанатты жиынның мазмұнын аша түсті. Он сегіз 1-сынып оқушысы, екі үздік 11-сынып оқушысы алғашқы қоңырау соғып, мерекелік жиын өз мәресіне жетті. Бүгінгі салтанатты жиындағы тағы бір өзгешелік ҚР байрағы мен мектеп туы бірге енгізіліп, бірге шығарылды.
Мектеп-лицейдің барлық педагогикалық ұжымын Білім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа оқу жылында жаңа табыстар тілейміз!

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены