2019 жылдың 12 қыркүйегінде мектебімізде 1-4 сынып оқушыларының белсенді қатысуымен «Дені сау отбасы – Қазақстан болашағы» атты спорттық мереке өткізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Тлегенов К.С және Ахметов Ж.Ж. қызықты спорттық сайыстар ұйымдастырды. «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері қатысуымен «Тату отбасы – берік отбасы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Ал мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Хаиржанова Б.Х. «Отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мерекелік шара «Отбасы деген не? Отбасылық құндылықтарға нелер жатады?» деген сияқты актуалды сұрақтармен бастау алды. Шараға көпбалалы ана Гнедковтар отбасынан Светлана Юрьевна қатысып, отбасындағы жылы қарым-қатынастар жайлы сөз қозғады. Одан әрі қатысушылар отбасы амандығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік отбасы саясаттың іске асырылуы жайлы мәлімет алды. Бұл жайлы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтқан болатын. Балалар арасында «Болашақта қандай отбасын құрғыларың келеді» сұрағына диагностика нәтижелерін талқылай келе, психологтың көмегімен қорытынды жасалды. Атаулы мерекені қорытындылай келе, балалар отбасыларына арнап жылы лебіздерін білдірді.'
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены