Бүгін, қыркүйек айының 24 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы, № 74 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Абай тағылымын отбасында насихаттау, ақын шығармаларындағы рухани құндылықтарды бала бойына дарыту және отбасы бірлігін нығайту мақсатында халқымыздың дара да нар тұлғалы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Абай ілімі-отбасымның тірегі" тақырыбында ата-аналар арасында отбасылық байқау өтті.
Бүгін, қыркүйек айының 24 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы, № 74 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Абай тағылымын отбасында насихаттау, ақын шығармаларындағы рухани құндылықтарды бала бойына дарыту және отбасы бірлігін нығайту мақсатында халқымыздың дара да нар тұлғалы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Абай ілімі-отбасымның тірегі" тақырыбында ата-аналар арасында отбасылық байқау өтті. Байқауда қатысушылар 5 кезеңнен сынға түсті. Алғашқы "Өзге емес, өзім айтам өз жайымда..." кезеңі бойынша отбасы мүшелері өздерін таныстырды. "Сен де бір кірпіш дүниеге" кезеңі бойынша ақын өлеңдерін жатқа оқу эстафетасында ақын өлеңін отбасы мүшелері жатқа мәнерлеп оқып сынға түссе, "Құлақтан кіріп, бойды алар" кезеңінде Абай әндерін байқауға қатысушы әжелеріміз тамаша орындап шықты. "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы" кезеңінде ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнесұрақтар берілді. "Абай ұлағаты" сайысында "Абай жолы" роман-эпопеясынан үзінді ала отырып, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, әке мен бала, әже мен немере, ана мен бала тәрбиесін танытатын көріністі сахналады. Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды. Байқауға қатысушы отбасыларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Әр отбасы бүгінгі біздің байқауға қатысқан ата - аналарымыз сияқты отбасында рухани құндылықтарымызды дәріптеп отырса, келер ұрпақтың өз ұлтын, әдебиетін, тарихын құрмет тұтатын азаматы болары сөзсіз.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены