← Назад к новостям
«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны болып өтті

«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны болып өтті

b1429skobilim
23.09.2019 в 16:00
545 просм.
Нет комментариев


     Қыркүейек айының 23-і күні қазақ мектеп-гимназиясында Тілдер мерекесінің онкүндігі аясында 5-6-сынып оқушылары арасында үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын тілінде) «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны болып өтті. Мақсаты: оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, кез келген тілде өз ойын айтып жеткізе білуге, шапшаңдылыққа баулу, тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге шақыру. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар берілген тапсырма-сұрақтарға 3 тілде дұрыс және жылдамдықпен жауап беріп, жұлдызша жинау керек. Сол жұлдызшалар саны бойынша жеңімпаз анықталды. Жеңімпаз – 6 Б сынып оқушысы Исенов Тимур. Іс-шараға жауапты мұғалімдер: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтенова Гүлім Жақсылыққызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Умутай Акимбайқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жанабекова Сабина Талғатқызы.

 

 

 

 

Автор: b1429skobilim · 23.09.2019
545
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT