Меню KDT
«Tіl marjandary» mektepіshіlіk jas aqyndar músháırasy óttі

2019 jylǵy 18 qyrkúıek kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda QR halyqtarynyń tіlder merekesі aıasynda «Tіl marjandary» mektepіshіlіk jas aqyndar músháırasy óttі. Sharanyń maqsaty jas býyndy ulttyq mádenı qundylyqtar rýhyna, qazaqstandyq patrıotızmge tárbıeleý, shyǵarmashylyq turǵydan shyńdalýyna, qabіletterіn kórsetýge múmkіndіk týdyrý. 


2019 jylǵy 18 qyrkúıek kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda QR halyqtarynyń tіlder merekesі aıasynda «Tіl marjandary» mektepіshіlіk jas aqyndar músháırasy óttі. Sharanyń maqsaty jas býyndy ulttyq mádenı qundylyqtar rýhyna, qazaqstandyq patrıotızmge tárbıeleý, shyǵarmashylyq turǵydan shyńdalýyna, qabіletterіn kórsetýge múmkіndіk týdyrý. 5-10 synyp oqýshylary qatysqan jyr báıgesі bіrneshe satydan quraldy. «Menіń súıіktі aqynym» bólіmіnde qatysýshylar ózderіnіń súıіktі aqyndarynyń óleń joldaryn jatqa, mánerlep oqydy. Ózі shyǵarǵan óleńderіn «Men jazbaımyn óleńdі ermek úshіn» bólіmіnde oqysa, «Óleń sózdіń patshasy – sóz sarasy» bólіmіnde berіlgen sózge óleń joldaryn qurastyrdy. Baıqaýdyń sońǵy «Menіń qoltambam» atty bólіmіnde ár qatysýshy jyr baıqaýynan alǵan áserіn óleń joldarymen jazyp, arnaıy plakattarǵa japsyrdy. Baıqaý qorytyndysy boıynsha III orynǵa 8-synyp oqýshylary M. Áshіm men L. Muhamedqalı, 6-synyp oqýshysy N. Párіmbek ıe bolsa, 9-synyp oqýshylary A. Sabıt pen M. Ybyraı II oryndy ıelendі. Jas aqyndar músháırasynyń I oryn ıegerі bolyp 10-synyp oqýshysy A. Tleýlenova atandy. Shara sońynda qatysýshylar bundaı baıqaýlarǵa qyzyǵýshylyqtary artyp, aldaǵy ýaqytta da jalǵasyn tapsa degen tіlektesterіn bіldіrdі.
2019 жылғы 18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында ҚР халықтарының тілдер мерекесі аясында «Тіл маржандары» мектепішілік жас ақындар мүшәйрасы өтті. Шараның мақсаты жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік тудыру. 5-10 сынып оқушылары қатысқан жыр бәйгесі бірнеше сатыдан құралды. «Менің сүйікті ақыным» бөлімінде қатысушылар өздерінің сүйікті ақындарының өлең жолдарын жатқа, мәнерлеп оқыды. Өзі шығарған өлеңдерін «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» бөлімінде оқыса, «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» бөлімінде берілген сөзге өлең жолдарын құрастырды. Байқаудың соңғы «Менің қолтамбам» атты бөлімінде әр қатысушы жыр байқауынан алған әсерін өлең жолдарымен жазып, арнайы плакаттарға жапсырды. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынға 8-сынып оқушылары М. Әшім мен Л. Мұхамедқали, 6-сынып оқушысы Н. Пәрімбек ие болса, 9-сынып оқушылары А. Сабит пен М. Ыбырай ІІ орынды иеленді. Жас ақындар мүшәйрасының І орын иегері болып 10-сынып оқушысы А. Тлеуленова атанды. Шара соңында қатысушылар бұндай байқауларға қызығушылықтары артып, алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілектестерін білдірді.


Комментариев нет
390 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 18.09.2019 в 14:18

Возможно вас заинтересует...!