← Назад к новостям
«Аула аймағы - жақсы қатынастар аймағы»

«Аула аймағы - жақсы қатынастар аймағы»

16mektep
21.09.2019 в 11:56
581 просм.
Нет комментариев

2019 жылдың 20 қыркүйегінде Арбатта «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында «Аула аймағы - жақсы қатынастар аймағы» жобасының аясында, дамып келе жатқан ортаны құру және жас азаматтарды әлеуметтік маңызды іс-шараларға тарту мақсатында «Біздің аула» интерактивті жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының әлеуметтік жобалар орталығы, қатысушылар - «Аулалар - жақсы қатынастар аймағы» жобасын жүзеге асыруда көшбасшы болған білім беру ұйымдары. Он екі мектептің ішінде біздің №16 орта мектебіде бар. Жәрмеңке барысында іс-шараға қатысушыларға киіз үйлер берілді, елорданың тұрғын үй кешендерінің аулаларында жаппай жобаларды ұйымдастыру және өткізу бойынша өздерінің үздік идеялары және тәжірибелерімен бөлісті. Жобаға қатысушылар «лайктармен» алмасты. Балаларға өте көңілді болды, олар тек«лайк»  үшін билеп, ән айтты, «арқан тарту», «асық ату» сайыстарына қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша біздің мектеп дипломмен марапатталды және сыйлыққа ие болды .

 

Автор: 16mektep · 21.09.2019
581
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT