← Назад к новостям
Жас Ұланның «Ұланбасы» сайлау іс-шарасы

Жас Ұланның «Ұланбасы» сайлау іс-шарасы

58mektep
18.09.2019 в 15:39
408 просм.
Нет комментариев

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында № 58 мектеп-гимназиясында ұстаздармен оқушылардың қатысуымен Жас Ұланның «Ұланбасы» сайлау іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның ашылуында сөз алған мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нугуманова Самал Ботахановна оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына тоқтала келе бүгінгі мектеп «Ұланбасының» сайлауына сәттілік тіледі. Бұдан кейінгі сөз алған мектеп тәлімгері Тлеу Салтанат «Ұланбасының» мектеп өміріндегі атқаратын қызметімен жұмыстарына тоқталып таныстырып өтті. Мектеп «Ұланбасына» үміткерлер Болат Дильназ және Дәуірова Бегайым өздерінің сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып өтті. Іс-шараның соңы оқушылардың «Ұланбасына» дауыс беруімен аяқталды.




Автор: 58mektep · 18.09.2019
408
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT