№65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде жоғары дәрежелі, еңбек өтілі жоғары, бірнеше қалалық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен олимпиада, ғылыми жобалар дайындаған жетекші ұстаздар жеткілікті.
№65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде жоғары дәрежелі, еңбек өтілі жоғары, бірнеше қалалық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен олимпиада, ғылыми жобалар дайындаған жетекші ұстаздар жеткілікті. Солардың қатарында білікті ұстаз Уйсунбаева Алмагул Кобеевна да бар. Тамыз конференциясы аясында Уйсунбаева А.К. "Қазақ әдебиетінен БЖБ жасауда ескерілетін ерекшеліктер мен сараптау жолдары" атты семинар сабағында қазақ әдебиеті сабағында тапсырма әзірлеу кезеңдері мен бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды құрастыру алгоритмін әріптестеріне таныстырды. Көптеген оқушылар тапсырманы орындауда қиналатынын ескере отырып, олардың деңгейіне сәйкес бағалау критерийлерін құрастыру туралы ойын жеткізді. Осындай білімді әрі тәжірибелі әріптестерімізді мақтан тұтамыз.
Директордың ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Мырзахметова М.А.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены