← Назад к новостям
«Тіліміз бөлек, тілегіміз бір» тақырыбындағы шығармалар байқауы өтті

«Тіліміз бөлек, тілегіміз бір» тақырыбындағы шығармалар байқауы өтті

b1429skobilim
18.09.2019 в 15:05
709 просм.
Нет комментариев


           Қазақ мектеп-гимназиясында 2019 оқу жылының 18 қыркүйегі күні Тілдер күні мерекесіне орай  қазақ, орыс, ағылшын тілінде 7-8, 10-сынып оқушылары арасында «Тіліміз бөлек, тілегіміз бір» тақырыбында шығармалар байқауы болып өтті. Шығарма байқауында қазақ тілінде жазған оқушы саны - , орыс тілінде жазған оқушы саны - . Оқушылар өз шығармаларында тіл мәселесін тілге тиек етіп, шығарма тақырыбын ашып жазған. Жалпы  тіліміздің беделін көтеріп, тілді қастерлеу, қадірлеу керектігін жаза келе, осы төңіректе жасалып жатқан жұмыстар бойынша да өз ой-пікірлерімен бөліскен. Шығарма байқауына жауапты комиссия мүшелері Токпанова Сандуғаш Қайыржанқызы, Байтенова Гүлім Жақсылыққызы, Жанабекова Сабина Талғатқызы, Жакупова Айнагүл Акимбайқызы, Табульденова Зауреш Каиржанқызы. Комиссия шешімі бойынша қазақ тілінде І орын: Туебаева Анжели, 7-сынып оқушысы. ІІ орын: Есенбулатова Алия, 10-сынып оқушысы; Асқар Назира, 7 –сынып оқушысы. ІІІ орын: Нұрзат Медина, 10-сынып оқушысы;  Сагденова Томирис, 8-сынып оқушысы; Қанат Карина, 7-сынып оқушысы.
 Орыс тілінде: І орын:  Шаяхметова Анель, 8-сынып оқушысы; ІІ орын: Жумабаева Алина, 10-сынып; ІІІ орын: Төлегенова Дана, 10-сынып оқушысы; Найман Айдана, 10-сынып оқушылары марапатталды.
 





Автор: b1429skobilim · 18.09.2019
709
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT