"Абайлаңдар, балалар!". Аға лейтенантпен кездесу
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Міне, осы мақсатта біздің кешенде бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған аға лейтенант Ж. Қарыбековпен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтірді. Кездесу соңында оқушылар ПП ДП аға лейтенант Ж. Карыбековқа ризашылығын білдірді.
Автор: 33mektep
Добавлено: 19.09.2019 в 12:16