Мектеп пен отбасының, психологиялық қызмет пен ата-ананың өзара байланысының формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жүйелеу, үйлестіру және кіріктіру мақсатында 1- сынып оқушылары арасында «Әкем, шешем және мен» атты жанұялық жарыс өтті.
Мектеп пен отбасының, психологиялық қызмет пен ата-ананың өзара байланысының формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жүйелеу, үйлестіру және кіріктіру мақсатында 1- сынып оқушылары арасында « Әкем, шешем және мен» атты жанұялық жарыс өтті.
Жарыс 6 түрлі бөлімнен тұрды. Сайысқа барлық команда қатысып, сынға түсті. Ата-ана - тәрбиенің шырағы екеніне көзіміз жетті. Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру сондай керемет болды. Барлық топта әкелер аса белсенділік танытты. Жер бетін құлпыртқан алқызыл гүлдер сияқты әр отбасы өз балаларымен іс-шараға көрік берді. Жарысқа қатысушылар ішінде: Ешмұхамбетовар, Арапбековтар, Мирзалиевтер, Серіковтар, Тоқатовтар, Серікбаевтар, Қабыловтар отбасылары белсенділік танытты.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақыл сөз бар. Осы іс-шараны өткізу арқылы ата-ана мен мектептің ынтымақтастық педагогика шарттары, отбасы мәртебесін арттыруға ықпал ететін шығармашылық ісі әрекет жүзеге асты.
Сайыстың шартынан сүрінбей өткен сыныптар төмендегідей жүлдеге ие болды:
1 «Г» сыныбы І- ші орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі Бижігітова Әсел Жусупбекқызы
1 «А» сыныбы ІІ- ші орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі Әбіш Гаухаркүл Темірханқызы.
1 «Д» сыныбы ІІІ- ші орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі Мырышпаева Әсем Әсенғазықызы.
Отбасы-тәрбиенің бал-бұлағы,
Баланың жұмбақ мекен, бақ тұрағы.
Шаңырағы шаттық толы асыл мекен,
Жайқалсын жағасында көк тұрағы- демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды әділ түрде шықты. Ата-аналар осындай сайыстардың болашақта көбірек өтуіне ықыластарын білдіріп, өз алғыстарын айтты. Ата-ана мен мектептің бала тәрбиесіндегі ортақ мүддесі тоғысқан осындай іс-шаралар, оқушылардың арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, балаларды достық пен ұйымшылдыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жалғасын таба бермек.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены